Коронавирустан айыққандардың ағзасындағы антиденелер қашан жойылатыны белгілі болды

Коронавирустан айыққандардың ағзасындағы антиденелер қашан жойылатыны белгілі болды

Коронавирустан айыққандардың ағзасындағы антиденелер қашан жойылатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
157
Коронавирустан айыққан адамдардың ағзасында түзілетін антиденелер шамамен үй айдан кейін жойылады. Канадалық ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Зерттеу қорытындысы Blood журналында жарық көрді.  Гема-Квебек қан орталығының дәрігерлері індеттен жазылып шыққан 15 науқастан күн сайын қан алып, оның құрамы қалай өзгеретінін бақылаған. Мамандар 88 күннен кейін қандағы антиденелердің азайып кеткендігін аңғарған. Ал үш-төрт айдан кейін олар ағзадан толық жойылған. Ғалымдардың айтуынша, бұл зерттеу қорытындысы тек коронавирустан айыққандардың ағзасындағы антиденелерге қатысты. Ал вакцина арқылы антиденелердің түзілуі жолы да, қандағы концентрациясы да басқаша болады. Сондықтан мамандар екпеден кейін антиденелер тез жойылып кетеді деген болжам жасау негізсіз деп есептейді. Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеліп соғатын қаупі анықталған болатын.

Серіктес жаңалықтары