Праймериз: Дода үздіктері партияішілік іріктеуге баға берді

Праймериз: Дода үздіктері партияішілік іріктеуге баға берді

Праймериз: Дода үздіктері партияішілік іріктеуге баға берді
ашық дереккөзі
259
Праймериз кандидаттарына дауыс беру бүгін сағат 14:00-де аяқталды. Дауыс беру нәтижесі 6 қазанда жарияланбақ. Десе де, онлайн дауыс беру көшбасшылары қазірдің өзінде белгілі. Олар — партияның жаңа келбеті —қарапайым мұғалімдер, дәрігерлер, құрылысшылар. Отанымыздың болашағына бейжай қарамайтын азаматтар елімізді тұғырлы өзгерістерге жетелеуге ниетті.  Олар партияішілік сайлау жайлы пікірлерімен бөлісті. Түркістандық Жадыра Қожахметованың пікірінше, «Nur otan» партиясы праймериз арқылы қоғамға үлкен қозғау салды.  width= «Праймериз кімнің кім екенін дәлелдеп берді. Елге танымал, беделді, белсенді, қоғамда өзіндік пікірі мен ұстанымы, ұстыны бар азаматтар шама-шарқынша бұйырған дауыстарын жинап жатыр. Көш соңында қалып қойып, праймериздің әділетсіз өтіп жатқанын сынап жатқандар да жоқ емес. Бұл ретте танымалдылық та рөл ойнайтыны шындық. Егер сіз елге танымал кәсіп иесі болсаңыз, елдің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін көтеріп жүрген белсенді болсаңыз, турашыл да, талапшыл басшы болсаңыз, облыстың, өңіріміздің жоғын жоқтап, барын түгендеп жүрген жанашыры болсаңыз, неге алаңдайсыз? Ал егер көшке кеше келіп қосылып, аз-маз тәжірбиеңізбен, әлеуметтік желідегі азды көпті танымалдылығыңызбен дауыс ала алмасаңыз кімге ренжисіз? Мәселе осында деп ойлаймын»,  – дейді үміткер. Кандидаттың партия мүшелерінің сеніміне ие болып жатқандардың қатарында халыққа жанашыр болып – жүрген, қамқоршы, нағыз өз ісінің білгірі атанған кәсіпкерлер де аз емес екенін атап өтті. «Бұл дүниелерді «Праймериз-2020» қосымшасынан кіріп, көріп, біліп отырмыз. Кім қанша дауыс жинады, кім көш басында келеді, бәрі бәрі айдан анық көрініп тұр», – дейді Жадыра Қожахметова. Оралдық үміткер Сержан Идиятов та праймериз өткізу партия үздіктерін анықтаудың ең ұтымды жолы болды деп есептейді.  width= «Отаныма пайдам тисін деген оймен партияішілік іріктеуге өз кандидатурамды ұсынуға шешім қабылдаған болатынмын. Праймериз біздің партияның ұтымды шешімі болды деп есептеймін. Партияластарым үшін өз таңдауын жасауға қолайлы жағдай жасалды. Үміткерлерге сәттілік тілеймін!!!», – дейді кандидат. Ал Алматыны түлетуге күш салғысы келетін үміткер Алмат Қодасбаевтың пікірінше, дауыс беру кезінде праймериздің барлық қағидаттары: жарыспалылық, заңдылық, айқындылық, сайлау құпиясы, диалог үшін ашықтық мүлтіксіз сақталды.  width= «Алғашқы күндегі желіге түскен салмақтан туындаған техникалық қиындықтарға қарамастан дауыс беріп, өзінің белсенділігін танытқан әріптестерімізге алғысымды білдіргім келеді. Олар дауыс берген кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын әрі қарай дамытып, Алматы қаласы Алмалы ауданы тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелерді шешуге барлық күштерін салады деп ойлаймын», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Серіктес жаңалықтары