465
Ақтауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Ақтауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Кеше, 3 қазанда Ақтауда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды. Көліктердің соқтығысуы салдарынан төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Lada.kz.
Полиция басылымға хабарлағандай, жедел жәрдем көлігі шетелдік маркалы машинамен соқтығысып, нәтижесінде дәрігерлердің көлігі аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасында төрт адам түрлі жарақаттар алған. Олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтуға рұқсат етілді, зардап шеккендердің екеуін ауруханаға жату қажет болды.
"Апатқа кінәліні және жол-көлік оқиғасының себептерін құзыретті қызметтер анықтайды", - деді полициядағылар.