459
Праймериз-2020: Өскемен қаласының әкімі өз таңдауын жасады
Праймериз-2020: Өскемен қаласының әкімі өз таңдауын жасады
«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы үміткерлерге дауыс беру үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша cайлау учаскелері өз жұмысын бастады.
Өскемен қаласындағы №3 дауыс беру учаскесінде «Nur Otan» партиясы Өскемен қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Жақсылық Омар дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
«Праймериз алғаш рет өткізілгеніне қарамастан, біз қатысушылардың белсенділігін көрдік. Мен онлайн режимде пікірсайыстарды бақылап, олардың сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстым. Барлық кандидаттар жеңіске лайық деп санаймын, – деді Жақсылық Омар.
Учаскелерде дауыс беру 3 қазан сағат 14.00-де тоқтатылады. 4 қазан күні сағат 14.00-ге дейін primaries.kz порталы және мобильді қосымша арқылы онлайн-дауыс беру жалғасатын болады.