Праймериз-2020: Ақмола облысында 248 дауыс беру орындары жұмысын бастады

Праймериз-2020: Ақмола облысында 248 дауыс беру орындары жұмысын бастады

Праймериз-2020: Ақмола облысында 248 дауыс беру орындары жұмысын бастады
ашық дереккөзі
230
Ақмола облысында «Nur Otan» партиясы праймеризі дауыс беру кезеңінің үшінші күні өтіп жатыр. Бүгін таңғы 8.00-ден бастап өңірдің 17 ауданында және 2 қаласында 248 арнайы дауыс беру орындары жұмысын бастады. Бұл орындардың 239-інде онлайн режимде, ал 9 орында қағаз бюллетень арқылы дауыс беріледі. Онлайн дауыс берілген 2 күннің ішінде Ақмола облысы бойынша жалпы 37 073 партия мүшесінің 80 пайызы (3 қазан, 9.00-дегі мәлімет) өз таңдауын жасап үлгерді. Қазіргі таңда арнайы әзірленген 209 орында дауыс беру жалғасуда. Облыс жұртшылығы таңғы 8.00-ден бастап учаскелерге келіп, белсенділігін танытып жатыр. Олардың арасында сан түрлі саланың өкілдері бар. Онлайн дауыс беру орындары 822-ге жуық компьютермен қамтамасыз етілген. Жалпы өңірде праймеризге деген қызығушылық өте жоғары. Дауыс беру орындарында карантин талаптары сақталған. Ұйымдастыру және санақ комитеттері жұмыс жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары