271
«Үркер-2020» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Үркер-2020» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры «Үркер-2020» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлады.
Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі, журналистика мәртебесін арттыруға, оны насихаттап ерекшелейтін кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге бағытталған. Конкурс мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету.
Бәйгеге контентті өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
Биылғы әлемдік өзгерістерге байланысты «Үркер» ұлттық сыйлығы күзде өткізіледі. Өтінім 2020 жылдың 2 қазанынан 2 қарашасына дейін қабылданады.
Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
- жұмыстар 2019 жылдың 1 қаңтары мен 2020 жылдың 01 қарашасы аралығында жариялануы тиіс;
- жұмыстар баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.
- Жылдың үздік фотосуреті;
- Жылдың үздік репортажы;
- Жылдың үздік аналитикалық материалы;
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
- Жылдың үздік сұхбаты;
- Жылдың үздік танымдық материалы;
- Радиостанциядағы үздік жоба;
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
- Жылдың үздік газеті;
- Жылдың үздік журналы;
- Шерхан Мұртаза атындағы Номинация.