Украинада коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен кезекті антирекорд тіркелді

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен кезекті антирекорд тіркелді

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен кезекті антирекорд тіркелді
ашық дереккөзі
Украинада бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен тағы да антирекорд тіркелді.  Елдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің коронавирустың таралуын бақылау жүйесі сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте 4069 адамнан індет анықталған. Бұған дейінгі рекордтық көрсеткіш 29 қыркүйекте тіркелген еді. Ол күні 4027 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Сондай-ақ, өткен тәулікте індетке шалдыққан 64 науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Осылайша елде коронавирус құрбандарының жалпы саны 4193-ке жетіп отыр. Пандемия басталғалы Украинада 213 028 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 94 443-і емделіп шықты. 114 392 адам ем қабылдауда. 24 қыркүйекте мемлекет басшысы Владимир Зеленский елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеген еді. 28 тамыздан бастап елге шетел азаматтарының кіруіне тыйым салынды.