Қариялар қамсыз болса…

Сондай-ақ!

Мәжіліс Азия даму банкінен 1,5 млрд теңге несие алуды мақұлдады

Қазақстан COVID-19 пандемиясымен күресу және келесі жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша Азиялық даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 млрд теңге несие алады....

100 оқулыққа қатысты Рауан Кенжеханұлы жауап берді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Рухани жаңғыру: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарған жұмысы туралы брифинг өтті. Тұңғыш...

«Гриль ішіне тыққан»: Түрмеге телефон өткізбек болған шымкенттік ұсталды

Шымкентте түрмеге сәлемдеме арқылы телефон өткізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 (қауіпсіздігі барынша жоғары) әйелдер түрмесінде 21 қарашада келіп...

Алтынай Жорабаева Түркиядан пәтер сатып алды

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Түркия елінен баспаналы болды. Әншінің енді Алания қаласында жеке пәтері бар. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлап, жақсы жаңалығымен...

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді атам қазақ. Сөзінің сарасымен, парасатты санасымен жол сілтер, жөн көрсетер көнекөз қарияларымыз әменде аман жүрсе, жастарымыз жолынан да, жөнінен де адаспайтыны айдан анық.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында ара­мызда ардагерлерімізді түгендеп, әңгімеге тартатын жақ­сы дәстүріміз бар. Осы жолы мақаламызды запастағы майор Инсафитдин Гареев ақсақалға арнамақпыз.

– Мен 1986 жылы құрметті еңбек демалысына шық­қан­мын. Мектепте дене шынықтыру және алғашқы әс­ке­ри дайындық пәндерінен көп жыл бойы сабақ бердім. Астанада ашылған қаржы колледжінде де ұстаздық еттім. Мерзімді қызметті қосқанда отыз жыл әскери қыз­метте болдым. Отан қайда жібереді, басшылық қайда нұс­­қайды, барлық жерде қызмет атқарғанмын. Қы­зы­лорда, Арқалық қалаларындағы Ішкі әскерлердің жеке ат­қыштар ротасында алғашқы қызмет жолымды бастадым. Ол кезде казармада сарбаздармен бірге  қонып, бір­ге құрылыс жұмыстарын істегенбіз. Қазіргі сарбаз­дар­ға қарап, олардың жағдайын көріп, іштей риза боламын. Барлық жағдай жасалған, – дейді ардагер.

Ескі қаламен келе жатырмыз. Ардагер үйлерге қара­ған бойы өзінің әскери қызмет жылдарын есіне түсірді.

«Бүгінгі қалаға қарап қуанатындай жағдайға жеттік. Ескі тың игерушілердің қаласы жаңа атаумен бүкіл елі­міздің астанасына айналды. Мен осы қалаға келгенде тұр­ғын үй мәселесі шешілді. Ауысып келген бойда бір емес, бірден жеті қызметтік пәтер бос болған. Бәлкім, кө­бісі басқа қалаларды таңдағысы келген шығар, өзіме осы қала қатты ұнады. Таза ауа, шағын, жасыл еді. Мен ауы­сып келген кешегі Ішкі әскерлер бүгінгі Ұлттық ұлан­ның 6636 әскери бөлімі ең көне әскери бөлімдердің қа­тарында. Біздің қызмет қылмыскерлер мен бас бостан­ды­ғынан айырылғандарды айдауылдау мен түзету меке­мелерін күзетумен етене байланысты болды. Біз осындай қиын да қызықты қызметті еш қынжылмастан атқара­тын­быз. Өйткені біздің буында Отанға деген сүйіс­пен­шілігіміз басым болды», – дейді ол.

Құқықтық тәртіп әскерінің ардагері жауынгерлердің даярлығына қатты көңіл бөлген жан. Сарбаздарымен кеш батырып, таң атырған. Өз заманының адамы ретінде бар күш-жігерін әскери қызметке арнады. Соған қара­мастан, өзінің жанұясына да көңіл бөлуді ұмыт­паған. Өмірлік жары Нина Степановнамен Қызылорда қаласындағы 1 мамыр – еңбекшілер мерекесіне арналған шара­да танысқан. Нина апай кезінде Сыр өңіріне жер аударылған кәріс диаспорасының өкілі болса, Инсафитдин ақсақал Башқұртстанда туған татар жігіті. Күйеу ба­ласы Украин ұлтынан, келіні қазақтың қызы. Немерелері де отбасын құрып, бүгінде шөберелері де үлкен ата­ларының тәрбиесін көруде. Шуақты шаңырақтың ұйыт­қысына айналған ерлі-зайыпты Гареевтер тек өз от­б­асына емес, бүгінгі өскелең ұрпақ үшін де үлгі болмақ.

Өмірдің сүрлеуінен сүрінбей өткен осындай күрес­кер жандарды көргенде ардагерлерім аман болғай деп айтқымыз келеді.

Дарын СЕЙІТОВ,

майор

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Nur Otan партиясының сайлауалды штабының жетекшісі тағайындалды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының сайлауалды штабының...

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі – Президент

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Назарбаев Университеті сияқты 2 озық өңірлік оқу орны ашылады

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев...

БАҚ: Джо Байден – АҚШ-тың сайлау тарихында 80 млн дауыс жинаған алғашқы үміткер

Демократ Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауы тарихында 80 миллион дауыс жинаған алғашқы...

Мәжіліс сайлауы: «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді

Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы,...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...