Мәжіліс қос азаматтықпен күресуге бағытталған құжатты мақұлдады

Мәжіліс қос азаматтықпен күресуге бағытталған құжатты мақұлдады

Мәжіліс қос азаматтықпен күресуге бағытталған құжатты мақұлдады
ашық дереккөзі
207
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Беларусь Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Қазақстан Үкіметі мен Беларусь Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды. Құжат аясында тараптар көші-қон, екінші тарап мемлекетінің аумағындағы бір тарап мемлекеті азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде өз мемлекеттерінің заңнамалары мен халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады. «Біріншіден, статистика мен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Екіншіден, азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Үшіншіден, екі ел үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Сонымен қатар, келісімде көші-қон саласындағы қылмыстармен күресуге қатысты қадамдар ескерілген. Беларусь Парламенті келісімді 2020 жылғы 18 мамырда бекітті. «Жалпы, Ішкі істер министрлігі көші-қон бойынша 23 халықаралық келісімді бекітті. Халықаралық деңгейде тағы да 9 келісім дайындалуда. Осы құжаттардың нәтижесінде заңсыз көші-қон бойынша ақпарат алмасу жолға қойылады, адамдарды басқа елдерге қайтару мәселесін шешеді. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі анықталады әрі қос азаматтыққа жол бермеу тетіктерін қамтиды», - деді министр.  

Серіктес жаңалықтары