28 Қыркүйек, 15:45 353 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Алматыда жылу беру маусымы басталды

Алматыда әлеуметтік нысандарға бүгіннен бастап жылу беріле бастады.

Қала әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажановтың айтуынша, Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі.

Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылатын болады. Қалада барлығы білім беретін – 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар.

 

Соңғы жаңалықтар