Бауыржан Байбек Алматыдағы ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

/
Бауыржан Байбек Алматыдағы ҮЕҰ өкілдерімен кездесті
ашық дереккөзі
Бауыржан Байбек Алматыдағы ҮЕҰ өкілдерімен кездесті «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматыға келді. Бұл туралы ол фейсбуктегі парақшасында жазды. – Алматыға келдім. Қала жұртшылығы және үкіметтік ұйым өкілдерімен кездестім. Бас қосуда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын іске асырудың негізгі бағыттарын талқыладық. Сондай-ақ праймериздің өзекті мәселелері мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында қаланы таяудағы 5 жылда дамыту бойынша ұсыныстарды қарастырдық.  width= ⠀ Өздеріңіз білетіндей, партия Лидері Н.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік праймериз тұңғыш рет республикалық ауқымда өтіп жатыр. Алматыда кандидат ретінде 200-ден астам қалалық тіркелген, оның 35%-ы - әйелдер, 30%-дан астамы – 35 жасқа дейінгі жастар. ⠀ Әсіресе, шағын және орта бизнес, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдері ерекше белсенділік танытты, олар 50 пайызды құрайды. Алматыда орташа алғанда, бір орынға 8 адам үміттенуде.  width= ⠀ Қазіргі кезде қалада 3 мыңдай әр түрлі кездесулер мен пікірсайыстар өткізілді. Қалалық сайлауалды бағдарламаны жетілдіру бойынша 300-дей нақты ұсыныстар жинақталды. Олардың 41%-ы әлеуметтік блокқа, 21,5%-ы – инфрақұрылымды дамыту мен экологияға, 12,5%-ы – экономика мен жұмыспен қамтуға қатысты болды. ⠀ Жалпы, Елбасының тапсырмасы бойынша әрбір өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламаларымыз тұрғындардың пікірін және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді ескере отырып, пысықталатын болады.  width= ⠀ Мысалы, Алматы сайлауалды бағдарламасының жобасында тұрғындардың өтініштері негізінде қаланың экологиялық ахуалын жақсарту және көгалдандыру, қоғамдық орта мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жекелеген шаралар көзделеді. Сондай-ақ алматылықтарды толғандырып отырған өзге де мәселелер көрініс табатын болады. Қалалық сайлауалды бағдарламаның жобасымен Primaries.kz сайтында танысып, ұсыныс беруге болады. ⠀ Алматыны әрі қарай өркендету бойынша межеленген мақсаттар тығыз ынтымақтасу мен қалалықтардың қолдауының арқасында іске асатынына сенімдімін. ⠀ Осы орайды пайдалана отырып, барша алматылықтарды өткен Қала күнімен құттықтаймын! Баршаңызға мол табыс, мықты денсаулық және алматылық ақжарқын көңіл-күй тілеймін!
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары