Ақтаудағы «Масат» базары өртеніп кетті

Ақтаудағы «Масат» базары өртеніп кетті

Ақтаудағы «Масат» базары өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Ақтаудағы 22 шағынауданда орналасқан «Масат« базарында өрт болды. Қызыл жалынды сөндіруге жүзден астам адам тартылды. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, базардағы өрт туралы сағат 6.55-те қоңырау түскен. Өрт салдарынан 17 сауда дүңгіршегі мен 14 контейнер, шатыр астындағы 60-қа жуық сөре жанып кеткен. «Қызыл жалын 8.16-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаумен күреске ТЖД-нің 65 қызметкері және 11 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерінің 10 қызметкері және 2 техника, медицина және апаттар орталығынан 3 қызметкер және 1 техника, 54 полиция қызметкері және 25 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.