986
Жамбыл облысында этноауыл салынады
Жамбыл облысында этноауыл салынады
Бұл туралы өңірлік туризмді дамыту және осы бағытта кездесіп отырған мәселелерді талқылауға негізделген жиын барысында айтылды.
Онда «Көксай» этноауылының жобасы таныстырылып, Көксай шатқалынан демалыс орнын ашқалы отырған қожалық өкілі Нұрмұхаммед Исаков атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Өзіміздің жеке инвесторлық есебімізден ашқалы отырған демалыс орынына киіз үйлер орнатып қойдық. Сол секілді бірқатар жұмыстар жүргізілді. Карантин шектеулері алынған уақытта демалуға айына 2 жарым мың адам келді. Егер жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда 80-100 адамды жұмыспен қамтимыз. Ол жерде 2 қонақүй және спорт кешені, саяжайлар болады. Жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істеуді көздеп, жазда бассейндермен қатар, қыста шаңғы тебу, сырғанақ алаңын да жүзеге асырмақпыз. Жаяу серуенмен қоса, атпен серуен жасауды да ұйымдастырамыз. Бізге ендігі керегі – 18 шақырым жолға асфальт төсеп, газ жүргізіп берсе дейміз. Басқа инфрақұрылымның бәрін өзіміз жасап жатырмыз», – деді Н.Исаков.Оның айтуынша, бұл жоба туристерге тек демалыс ұйымдастырып берумен шектелмей, ұлттық болмысымызды да айшықтамақ.