Атырау қаласын көгалдандыруға 4,69 млрд теңге жұмсалады
 
								
                                                                                                Атырау қаласын көгалдандыруға 4,69 млрд теңге жұмсалады
                                                                                                                                Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында қаланы көгалдандыру жұмыстарын жеке серіктеске беру туралы шешім қабылданды.
«Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл, жалпы сомасы – 4,69 млрд теңгеден астам. Биыл «Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 375 мың гүл егілді. Сондай-ақ қаланың 38 көшесінде, 15 саябағы мен алаңында егілген өскіндерге, ағаштарға, алаңы 40 612 шаршы метр гүлзарларға, бұталы қоршауларға күтім жасалады. Сорғы станциялары мен суару жүйелеріне кезең-кезеңімен ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Қала тарихын қалпына келтіру мақсатында 1,5 га алаңда «Сутягин бағы» аталатын жеміс бағы жанданды. Жеңіс саябағы аумағында жеміс ағаштары егілді. Қазір оның 900-і тамыр жайды», – деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Биыл қаланың ең ірі 12 көшесінде 200 шақырым суару желісін аяқтау жоспарланып отыр.
 
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        