26 Қыркүйек, 12:18 487 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Украинадағы ұшақ апатынан 25 адам қаза тапты

Украина ҚК Әуе Күштері Ан-26 (б/н 76) ұшағы құлаған кезде 25 адамның қаза тапқаны белгілі болды, – деп жазды «Укринформ» сайты.

25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген.

Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болған, – деп хабарлады Facebook-те УҚК Әуе Күштері басшылығы.

Ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар