26 Қыркүйек, 11:27 403 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Қазақстан ғылымын дамытуға, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуге, сондай-ақ, ғылыми зерттеулердің экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестігіне қатысты мәселелер талқыланды, – деп хабарлайды Ақорда.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Мемлекет басшысының адами капиталды қолдауға, білім мен ғылым саласына инвестиция тартуға, экономиканың технологиялық және бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін арттыруға байланысты Жолдауда айтқан бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Қазақстан Президенті отандық ірі өндірушілердің жұмыстарына ғылыми қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің тығыз ықпалдастығы инновацияларды енгізіп, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жалпы ғылым еліміздің экономикасына қызмет етуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар