Коронавирустан 1715 адам қайтыс болды

/
Коронавирустан 1715 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Коронавирустан 1715 адам қайтыс болды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімдеді. «25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде коронавирус ауруымен ауырған азаматтардың саны 107 590-ға жетті. Оның 95,1 пайызы немесе 102 360 науқас жазылып шықты. 3515 адам ем қабылдауда. Өкініштісі, 1715 азамат қайтыс болды. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы 61 адамнан анықталды», – деп хабарлады Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары