25 Қыркүйек, 11:10 739 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Алматыдағы Көк базар жабылады

Алматыдағы Көк базар үш күнге жабылады. Бұл ақпаратты базар әкімшілігі растады.

Бүгін, яғни 25 қыркүйекте базар түскі сағат 12:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

«Әкімдіктен «Жалға алушылардың қауіпсіздігі және базардың материалдық құралдарының сақталуы үшін базар жабылады» деген ауызша нұсқау келіп түсті», – деді базар әкімшілігінің өкілі.

Көк базар 28 қыркүйекте қайта ашылады.

 

Соңғы жаңалықтар