273
Бас прокуратура шетел түрмелеріндегі қазақстандықтардың санын жариялады
Бас прокуратура шетел түрмелеріндегі қазақстандықтардың санын жариялады
Шетел түрмелерінде 735 қазақстандық жазасын өтеуде. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Марат Ахметжановтың айтуынша, өзге мемлекеттерде жазасын өтеп жатқан отандастарымыздың басым көпшілігі Ресей түрмелерінде отыр.
«Шетел түрмелерінде отырған қазақстандықтардың 70 пайызы, яғни 537-і Ресейде. Олар біздің елдің азаматтары саналғанымен олар сонда жұмыс істеген, отбасыларын сонда көшіріп, сол жақта өмір сүрген азаматтар. Олар қайтыс келем десе, мүмкіндіктері бар. Екі елдің келісімшарты негізінде қайта алады. 2019-2020 жылы Ресей тарапынан үш азаматтың қайтарудан бас тартылды. Алдымен шығынды өтеуі керектігін алға тартты», - деді ол.
Бас прокурордың орынбасары алдағы уақытта Өзбекстанмен келісім жасалу көзделіп отырғанын жеткізді. Себебі онда 24 қазақстандық жазасын өтеуде. Ал біздің еліміздегі түрмелерде Өзбекстанның 400 азаматы отыр. Егер екі ел арасында келісімшарт жасалса, жазасын өтеушілерді өзара алмасу мүмкіндігі пайда болмақ.