«Birgemiz» қорының көмегімен Мақтааралда 32 үй салынуда

«Birgemiz» қорының көмегімен Мақтааралда 32 үй салынуда

«Birgemiz» қорының көмегімен Мақтааралда 32 үй салынуда
ашық дереккөзі
218
Мамыр айында Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апатқа байланысты Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше ауылды топан су басқан болатын. Бүгінде Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтеріп, үйлер салынып жатыр. Сол үйлердің 20-сын «Nur Otan» партиясы «Birgemiz» қоры арқылы салып беруді ұйғарған. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ауданға арнайы келіп, партия ықпалымен салынатын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Кейін жергілікті тұрғындар мен әкімдіктің сұранысына сәйкес, тағы 12 үйдің құрылысын жүргізу туралы шешім қабылданды.  width= «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев жуырда Мақтаарал ауданына жұмыс сапарында Мырзакенттегі үйлердің құрылыс барысымен де танысты. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары құрылысқа жауапты мердігер мен жұмысшыларға үйлерді сапалы әрі уақтылы тапсыру керектігін айтты. Баспаналардың талапқа сай болуы партияның бақылауында екенін ескертті. Жалпы Мақтааралдағы су тасқыны кезінде «Nur Otan» партиясы өкілдері елдің арасынан табылып, мырзашөлдіктерге көмектесті. Төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрамында жемісті еңбек етіп, гуманитарлық көмектерді жеткізуді үйлестірді. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Birgemiz» қоры арқылы ауданға қаражат бөлініп, 32 үйдің құрылысы жүргізіліп келеді. Әр үйдің құрылысына 17 млн. теңгеден қаралған.  width= Қазіргі таңда партияның үйлестіруімен салынып жатқан 20 үйдің құрылысы аяқталған. Қалған 12-сінде жұмыс жалғасуда. Жалпы 32 үй де таяу уақытта тұрғындарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары