298
Беларусьта Александр Лукашенконы ұлықтау рәсімі өтті
Беларусьта Александр Лукашенконы ұлықтау рәсімі өтті
Беларусьтің Тәуелсіздік сарайында Александр Лукашенконы ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды БЕЛТА.
Президентті ұлықтау рәсіміне жоғары лауазымды тұлғалар, Өкілдер палатасының депутаттары мен Республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жергілікті атқарушы және үйлестіруші органдар, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты.
Ел Конституциясына оң қолын қойған Александр Лукашенко беларус тілінде ант берді. Ант қабылдау туралы актіге қолы қойылған соң, Беларусь Орталық сайлау және республикалық референдумдарды өткізу комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина А.Лукашенкоға Беларусь Республикасы Президентінің куәлігін табыстады.
Еске сала кетейік, Беларусьта президент сайлауы 9 тамызда өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Александр Лукашенко 80,1 пайызы дауысын жинады. Алайда сайлаудан кейін ел астанасы мен аймақтарында наразылық акциялары басталып, сайлау нәтижелерінің әділдігіне сенбейтіндер Лукашенконың отставкаға кетуін талап етті.