ШҚО-да кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды

ШҚО-да кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды

ШҚО-да кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
287
Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпта оқитын мектеп оқушысынан коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.  «14 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына қарасты Парыгина елді мекенінде кезекші сыныпта оқитын оқушының (2-сынып) коронавирус жұқтыруының алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы – мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болған, барлық симптомдары вирусқа келеді», - дейді Б.Қожахметов. Оқушының індет жұқтырғанын ПТР-тест растапты. Министрлік өкілінің айтуынша, бала үйінде емделіп жатыр, жағдайы жақсы. Науқас оқушымен бір сыныпқа оқыған 12 бала және оларға сабақ берген мұғалімдер де коронавирусқа тест тапсырған. Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Қожахметов елімізде қатаң қарантин қандай жағдайда енгізілетінін айтқан болатын. Ресми өкілдің сөзінше, Қазақстанда орта есеппен ПТР арқылы індет жұқтырғаны расталған науқастар саны 30 мыңға жетсе, бұл ел ішінде қатаң карантиндік шаралар енгізуге басты себеп болмақ. Өткен тәулікте елімізде 76 адамнан коронавирус анықталып, республика бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны 107 450-ге жетті. Індеттен 102 мыңнан астам адам емделіп шықты. 1699 науқас қайтыс болды.  

Серіктес жаңалықтары