Елімізде мемлекеттік қызметкерге сыйлық беруге тыйым салатын заң қабылданды

Елімізде мемлекеттік қызметкерге сыйлық беруге тыйым салатын заң қабылданды

Елімізде мемлекеттік қызметкерге сыйлық беруге тыйым салатын заң қабылданды
ашық дереккөзі
243
Қазақстан Парламенті мемлекеттік қызметкерге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым салатын заңды қабылдады.  Мәжіліс "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын биыл 3 маусымда мақұлдаған еді. 17 қыркүйекте сенат құжатқа бірқатар өзгеріс енгізіп, төменгі палатаға кері қайтарды. Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутаттар сенат енгізген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Сенат енгізген өзгерістер мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді және мазмұнын нашарлатпайды", – деді мәжілісмен Жанат Жарасов. Сенаторлар Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (Қылмыс жасауға арандату) өзгерістер енгізді. Оған сәйкес кейін әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның заңсыз әрекеттері қылмыс жасауға арандату болып саналады. Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 1-бабы 2-1-бөлігіне сәйкес, кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты аталған заң жобасынан кодекске осы түзетулерді алып тастау ұсынылды.  

Серіктес жаңалықтары