Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 130 мың шағым түскен

Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 130 мың шағым түскен

Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 130 мың шағым түскен
ашық дереккөзі
383
Жыл басынан бері құқыққорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға тарта шағым келіп түскен. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди мәлімдеді.  «Статистикаға тоқталсақ, биылғы 8 айда тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға тарта өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс қозғалды, 30 мыңға жуығы  – әкімшілік іс санатында. Ал қалған жағдайларда жәбірленушілер шағымнан бас тартқандықтан тиісті шараларды қолдана алмадық»,  – деді министрлің орынбасары. Айта кетейік, коронавирус індетінің таралуына байланысты енгізілген карантин кезінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өскен. Биылғы жылдың наурыз-шілде айларында 33 отандасымыз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болды. Бүгін Мәжіліс «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру мақсатында әзірленді.

Серіктес жаңалықтары