Праймериз үміткерлерінің сайлауалды бағдарламасымен QR-код арқылы танысуға болады

Праймериз үміткерлерінің сайлауалды бағдарламасымен QR-код арқылы танысуға болады

Праймериз үміткерлерінің сайлауалды бағдарламасымен QR-код арқылы танысуға болады
ашық дереккөзі
241
Заманына қарай амалы демекші, сандық технологиялар «Nur Otan» партиясының қызметін де айналып өткен жоқ. Уақыт өткен сайын саяси ұйым жұмысын цифрландыруға бұруда. Мәселен, кандидаттар партияішілік іріктеу – праймериздің үгіт-насихаттық жұмысында кеңінен қолдануда. Бұл бастаманы жетісулық қатысушыларда қолға алған. Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың сөзінше, QR-код қолдану өте ыңғайлы, әрі смартфонмен қажетті ақпаратты толығымен алса болады екен. «Партия заман ағымына қарай заманауи технологияны пайдалану қажет. Сол себепті де, Алматы облысындағы үміткерлеріміз QR-код қолдану арқылы да үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Өңірімізде кез келген тұрғын үміткердің таратпа қағаздағы (брошюра) QR-кодпен смартфоны арқылы толыққанды мәлімет алып, сайлауалды бағдарламасымен танысса болады» - деп атап өтті. Жалпы, QR-код анықтамасына тоқталып өтсек, QR “Quick Response - Шұғыл жауап”. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код. QR-кодтың көмегімен кез келген ақпаратты кодтауға болады. Еске салатын жайт, «Nur Otan» партиясы ұйымдастырып жатқан праймериз, яғни партияішілік іріктеу 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтеді. Алматы облысында 1080 үміткер қазіргі таңда бақ-сынасуда. Олар жер жерлерде үгіт насихат жұмысын жүргізіп, пікір-сайыстарға қатысуда. Бүгінгі таңда 60 мыңға жуық адамның қамтылуымен 2000-ға жуық кездесулер ұйымдастырылған.

Серіктес жаңалықтары