310
Бағасы – 68 мың теңге: Ресей дәріханаларында коронавирусқа қарсы дәрі сатыла бастады
Бағасы – 68 мың теңге: Ресей дәріханаларында коронавирусқа қарсы дәрі сатыла бастады
Коронавирусқа қарсы "Арепливир" препараты Ресей дәріханаларында сатыла бастады. Бұл туралы дәріні өндірген "Промомед" компаниясының бас директоры Андрей Младенцев мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
– Бүгін сатылымның алғашқы күні. Алайда дәріні жұма күні сатып алып үлгерген дәріханалар сенбіден бастап сатылымға шығарды, – дейді Младенцев.
Оның айтуынша, елдегі барлық ірі дәріханалар желісі мен дистрибьюторлар дәріге тапсырыс берген. Бастапқы кезеңде "Арепливирді" Ресейдегі 10 мыңға тарта дәріхана ғана сата алады. Алайда алдағы уақытта коронавирусқа қарсы бұл препаратты сататын дәріханалар санын 30 мыңға жеткізу көзделіп отыр.
"Арепливир" дәрісінің бір қорабы 12 320 рубль (67 760 теңге) тұрады. Мамандардың айтуынша, препараттың бөлшек саудадағы бағасы мемлекеттік жеткізілімдердің құнына сай келуі тиіс. Қатерлі вирусқа қарсы бұл дәріні тек дәрігер нұсқаулығымен ғана сатып алуға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеліп соғар қаупін анықтаған еді.