Қазанда қатаң карантин енгізіле ме – министрлік жауабы

Қазанда қатаң карантин енгізіле ме – министрлік жауабы

Қазанда қатаң карантин енгізіле ме – министрлік жауабы
ашық дереккөзі
401
Елімізде қазанда қатаң карантин енгізілуі мүмкін бе? Бұл сауалға  Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді. "Бүгінде Қазақстанда орта есеппен ПТР арқылы ауырғандары расталған тұрғындар саны 500-600 адамды құрап отыр. Егер бұл көрсеткіш кенеттен 30 мыңға жетсе, бұл елде қатаң карантиндік шаралар енгізуге басты себеп болады", - дейді ресми өкіл. Бағдат Қожахметовтің сөзінше, отандық денсаулық сақтау жүйесі індеттің екінші толқынына тас-түйін дайын. Қажеттілік туындаған жағдайда министрлік Қазақстан ауруханаларында 70 мыңнан астам төсек-орын әзірлеуге қауқарлы дейді маман. Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 45 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны  107 307-ге жетті. Індеттен 102 мыңға жуық адам емделіп шықты. 1671 науқас қайтыс болды. Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 31 миллионға жуықтады. Індет құрбандарының саны 959 мыңнан асып жығылды.

Серіктес жаңалықтары