Қарағанды облысында карантин жеңілдетілді

Қарағанды облысында карантин жеңілдетілді

Қарағанды облысында карантин жеңілдетілді
ашық дереккөзі
204

Қарағанды облысында сауда орталықтарындағы дәмханалар мен театрлар жұмысын қалпына келтіруде, балаларға арналған түзету орталықтарына топтардағы балалар санын көбейтуге рұқсат етілді.

Карантиндік шараларды жеңілдету туралы Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Серік Сықпабаев егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес шектеу шаралары 16 қыркүйектен бастап елдің барлық өңірлерінде бәсеңдетіледі. Қарағанды облысында ашық ауада және үй-жайларда қоғамдық тамақтану объектілеріне енді залда 50-ге дейін келушілер қабылдау рұқсат етілді. Сауда орталықтарында, бірақ жеке үй-жайларда орналасқан дәмханалар мен мейрамханалар өз қызметін қайта бастайды. Бұл ретте толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс және бір келушіге 4 шаршы метр бос кеңістік тиесілі болуы тиіс. Қоғамдық тамақтану объектілеріне енді 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Балалар түзету кабинеттерінде алдын ала жазылу бойынша топтардағы балалар саны 5-тен 15 адамға дейін артады.

Сондай-ақ, азық-түлік дүкендері мен супермаркеттердің жұмыс уақыты 24.00-ге дейін ұзартылады. Бизнес-орталықтар енді сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Рұқсат етіледі:

- Көрермендері 50%-дан аспайтын, бірақ 50 адамнан көп болмайтын, сонымен қатар infokazakhstan.kz порталында тіркелген театрлардың қызметіне. Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті;

- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы штат кестесі 30-дан астам қызметкер болған кезде қашықтықтан жұмыс істеу форматында қалуы тиіс.

- Барлық нысандар үшін келушілер мен қызметкерлердің міндетті термометриясын жүргізу, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим жалпы талаптар болып қалатынын еске салғым келеді, - деді Серік Сықпабаев.

Ол сондай-ақ демалыс күндері облыс аумағында карантин сақталатынын атап өтті. Сенбі және жексенбі күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынады. Жабық базарлар жұмысын тоқтатады.

Демалыс күндері жұмыс істеуге сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары және косметология қызметтерін ұсынатын нысандар рұқсат етілген. Фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, тренажер залдарының және спорт кешендерінің қызметіне рұқсат етіледі. Демалыс күндері моншалар мен сауналарға, ашық аттракциондарға баруға болады.

Караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары сияқты ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынады. Жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының, батуттардың, үй-жайлардағы кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады.

Бұрынғыдай жаппай кездесулер, естелік іс-шаралар және отбасылық салтанаттар өткізуге рұқсат етілмейді.

- Шектеу іс-шараларын жеңілдетуге қарамастан, әрқайсымыздан санитарлық шараларды қатаң сақтау талап етіледі. Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіңіздер, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар және жөтел мен мұрынның ағуы сияқты тыныс жолдарының инфекциясы бар адамдармен қарым-қатынасты шектеңіздер. Аурудың белгілері болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспаңыздар, дәрігерлерден көмек сұраңыздар. Уақытылы емдеу - тез сауығудың және жақындарыңызды инфекциядан қорғаудың кепілі! - деді Серік Сықпабаев.

Серіктес жаңалықтары