211
COVID-19: 102 науқастың жағдайы ауыр
COVID-19: 102 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 3 684 адам ем қабылдап жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасында таратқан мәліметіне қарағанда, емделіп жатқандардың арасында 39 сәби бар. Стационарларда 2 003 науқас жатыр, 1 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 102 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», –делінген хабарламада.