333
ДСМ еліміздегі карантиндік жеңілдіктерге қатысты қаулыны түсіндірді
ДСМ еліміздегі карантиндік жеңілдіктерге қатысты қаулыны түсіндірді

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №53 қаулысын түсіндірді.
«16 қыркүйекте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №53 қаулысына қол қойылды. Оған сәйкес тиісті жеңілдіктер енгізілді. Балалар кабинеттерінде, түзету орталықтарында білім беру топтары 5-тен 15 адамға дейін ұлғайтылды. Мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және өзге де ұйымдарда, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде қызметкерлердің кемінде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеу нысанында болуы тиіс», – деді Р. Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, ашық ауада және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын орын санымен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді.