249
Маңғыстауда үйлену тойын өткізген шенеунікке айыппұл салынды
Маңғыстауда үйлену тойын өткізген шенеунікке айыппұл салынды
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Жандос Сәлімов карантин тәртібін бұзып, үйлену тойын өткізген. Тойдың видеосы Михаил Козачковтың Telegram каналындағы парақшада жарияланды.
Автор «Маңғыстаулық тұрғынды қалай әсерлі етіп үйінен ұзатып жатқанын қараңыздаршы. Карантин уақытында көпшілікті жинап, той өткізген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Жандос Сәлімов» деп жазба қалдырған.
Ал, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың хабарлауынша, ведомство қызметкерлері мен полицейлер тәртіпке бағынбағандарды анықтаған.