Тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық дерегі анықталды

Тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық дерегі анықталды

Тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық дерегі анықталды
ашық дереккөзі
334
Бұл туралы қаржы пирамидаларын құруға байланысты брифингте ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті. «Үлескерлік тұрғын үй құрылысы саласында 27 алаяқтық факт анықталды. Олардан келген шығын көлемі 3 млрд 200 млн теңгеден асады.  Бұл қылмыстық істер бойынша 305 адамды жәбірленуші деп танылды», – деген ол нақты мысалдарға тоқталды. «Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу департаменті «Шығыс» тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша алаяқтық істі тергеуде. Бұл іс бойынша 24 адам жәбірленуші деп танылды. Алдын ала болжам бойынша 184 млн 900 мың теңге шығын келтірілді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда Expo New Life тұрғын үй кешенінің үлескерлерінен арыз түсті. Шығын көлемі 2 млрд теңгеден асады», – деді Санжар Әділов.

Серіктес жаңалықтары