254
Бірге-бір: Сочиде Путин мен Лукашенконың келіссөздері басталды
Бірге-бір: Сочиде Путин мен Лукашенконың келіссөздері басталды
Cочиде Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенконың бірге бірге-бір форматындағы келіссөздері басталды. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
Бұл – екі ел көшбасшысының 9 тамызда Белоруссияда өткен президент сайлауынан кейінгі алғашқы жеке кездесуі.
Ресей президентінің баспасөз хатшысының айтуынша, «Бочаров ручей» резиденциясында өтіп жатқан келіссөздердің қанша уақытқа созылары белгісіз. Шараға журналистер қатысып жатқан жоқ. БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасау жоспарланбаған. Талқыланатын тақырыптар арасында Беларусьтың Ресей алдындағы мемлекеттік қарызын қайта құрылымдау мәселесі, энергетика саласындағы бірлескен жобалар және интеграция мәселелері бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Беларусьта наразылық шеруіне қатысушылар ел президенті Александр Лукашенконың резиденциясы алдына дейін барғанын хабарлағанбыз. Акция қатысушылары үкіметке қарсы ұрандар көтеріп, Лукашенконың отставкасын талап етті.