ШҚО-да түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды

/
ШҚО-да түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды
Ұлттық ұлан

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында ІІМ Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің әскери қызметкері қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен бірлесіп, ҚАЖ мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚАЖ мекемесіне іргелес аумақта патрульдеу кезінде ефрейтор Еламан Сапашев Рэмма есімді қызметтік итімен бірге ҚАЖ қызметкерлерімен бірлесіп, қоршау маңынан күдікті ер адамды байқаған. Ол қоршау арқылы белгісіз заттарды лақтырмақ болған. Алайда оның әрекеті дер кезінде тоқтатылды.

Тексеру барысында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ер адамнан екі ұялы телефон, ішінде ақ түсті капсулалары бар ыдыс, сондай-ақ Ішінде белгісіз сұйықтығы бар құты табылды.

Анықталған заттар тәркіленіп, әрі қарай тексеру және процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға тапсырылды.

Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің бірлескен жұмысы күзетілетін нысандарға тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу әрекеттерін дер кезінде анықтап, жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыста кинология есептоптарының да маңызы зор. Олар бақылауды күшейтіп, ҚАЖ мекемелеріндегі қауіпсіздікті сақтауда елеулі рөл атқарады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар