14 Қыркүйек, 11:38 229 0 Аймақ Ділда УӘЛИБЕК

ШҚО-дағы мешіт қоры 100 оқушыға жәрдемдесті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі індет кезінде табысынан айырылған және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» атты акциясына үн қосқан болатын. Өңірдің аудандарында акция жалғасып жатыр. 

Облыстық мешітте өкілдіктің «Зекет» қорының ұйымдастыруымен көпбалалы отбасылардың балаларына оқу-құралын табыс ету шарасы өтті. Бұл ретте 200 оқушыға оқуға қажетті құралдар үлестірілді. Игі бастама үшін ата-аналар өкілдікке ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар