Жаңаөзендегі көшелердің бірінен нәресте табылды

Жаңаөзендегі көшелердің бірінен нәресте табылды

Жаңаөзендегі көшелердің бірінен нәресте табылды
ашық дереккөзі
Қаладағы "Рахат" шағын ауданындағы көшелердің бірінен нәресте табылды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, табылған нәресте жайлы ақпарат 11 қыркүйек күні сағат 23:05-те жергілікті тұрғындардан "103" кезекші пультіне келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы жаңа туған нәрестені Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізді. Құтқарылған баланың салмағы 2 келі 740 грамм және бойы 49 сантиметр. Ауруханаға келгенде температурасы 31 градусты көрсетіп тұрған. Кіндігі өрескел кесілген. Дереу полицияға хабарлама берілді. "Қазіргі таңда нәресте қарқынды терапия палатасында. Баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Оған ылғалданған оттегі беріліп жатыр, өздігінен дем алады, парентеральды диетада болады. Баланың қай жерде дүниеге келгені және қанша күндік екені белгісіз", деді ведомствода.