Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда облыс әкімінің бірінші орынбасары ұсталды. Бұл туралы Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Атырауда облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров ұсталды. Олар аймақтың инфрақұрылымдық дамуы мен жол құрылысымен айналысатын компаниялардың бірінен 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу мүддесі үшін істің мән-жайы әлі ашылған жоқ. Еске сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Таубаев қатысқан Атырау облысы әкімдігінің өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарын сатып алуы туралы істі тергеп жатыр. «Біз құжаттарды Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жібердік. Олар бізге қорытынды беруі керек, содан кейін біз қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па, соны шешеміз. Менің білуімше, аудиторлардың жұмысы өте көп, сол себепті олар үлгермей жатады. Біз де күтудеміз», – деп ӨЖЖ бойынша істі тергеу барысына қатысты түсінік берді Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт. Еске сала кетейік, Нұрлан Таубаев облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына мамыр айында, ал Тимур Басаров Атырау облысының құрылыс басқармасының басшысы қызметіне маусым айының соңында тағайындалған болатын.