COVID-19: Украинада бір тәулік ішінде 44 адам көз жұмды

COVID-19: Украинада бір тәулік ішінде 44 адам көз жұмды

COVID-19: Украинада бір тәулік ішінде 44 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Украинада коронавирус өршіп барады. Елде бір тәулік ішінде 2582 адам індет жұқтырып, 44 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Елде шартты карантин мерзімі 1 қарашаға дейін ұзартылған.  Алайда жастардың шектеу шараларына немқұрайлықпен қарауы, маскамен жүру талабын орындамауы індеттің таралу қарқынын арттырды. Тәртіп бойынша Украинадағы барлық мейрамхана, түнгі клуб, бар және кафелер, яғни көңіл көтеруге арналған орындар сағат түнгі 23:00-ге дейін ғана қызмет етуі тиіс. Десе де, бұл талап көп жерде сақтала бермейтін көрінеді. Салдарынан бүгінде елде індет жұқтырғандар саны 145 мыңнан асып жығылды. Қатерлі вирустан 3023 науқас көз жұмған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Киев ауруханаларындағы төсек-орындарының 50 пайызы індетке шалдыққан науқастарға толы.  Коронавирус жұқтырғандардың дені – 30 бен 60 жас аралығындағы азаматтар. Орын тапшылығының алдын алу үшін Украина үкіметі емдеу мекемелеріндегі төсек-орын санын арттырмақ. Бұл мақсатта ел бюджетінен 6 млдр гривень, яғни 215 мың доллардан астам қаржы бөлінген.