Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан басталады

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан басталады

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан басталады
ашық дереккөзі
Нысандарға бекітілген кесте бойынша дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Елордада жылыту маусымы көшедегі орташа ауа температурасы бес тәулік бойы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады. «ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына, сондай-ақ елордалық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімі брйынша жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде, жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешімі қабылдайды», ­– делінген хабарламада. Бұған дейін хабарланғандай, елордада энергия кешендерін, ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын дайындау бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. Көп пәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы 90%-тен жоғары. Сонымен қатар, қалада күн сайын 20 мың тонна көлемінде қатты отын қоры қамтамасыз етіледі.