Алматыда зиялы қауым өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Сондай-ақ!

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға алмастырмақ болған деген күдікке ілінді. Калифорниядағы құзырлы органдар Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік басшысы...

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. «Биыл «Әлем Ханымы-2020» – «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын....

Қазақ хандығы дәуірінің ұлы жырауына лайықты құрмет көрсеттік пе…

Мемлекетті мемлекет ететін идеология болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның талассыз негізі 15-ғасырда құрылған Қазақ хандығының идеологиясын жүргізген тұлғалардың негізгілері − ақындар. Соның бірегейі − Қазтуған...

Таяуда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген оты­ры­сы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қа­зақстан халқына Жолдауы талқыланды. Онлайн форматта өткен кеңес­ке 80-нен астам адам қатысты, олардың арасында мәслихат де­пу­таттары, ардагерлер, волонтерлар, медицина және бизнес-қо­ғам­дастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері болды.

Кеңеске қатысушылар білім және ғы­лым жүйесін дамыту, отбасылық-де­мог­ра­фиялық ахуалды жақсарту, ШОБ-ты қолдау, қор­шаған ортаны жақсарту, тұрғын үй саяса­тын жүзеге асыру және т.б. бағыттар мен алда тұрған міндеттерді жан-жақты тал­­­қылады. Кеңес барысында Алматы қа­ласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов кеңейтілген отырыстың басты міндеті әлемдік пандемияны ескере отырып, еліміздің жаңа өмір жағдайына арналған Жолдауды талқылау екенін атап өтті.

«Президент 2020-2021 жылдар ара­лы­ғында біз назар аударатын өзекті мә­се­лелерді атады, басым бағыттарды белгіледі. Ал­маты қаласы аумағында Жолдаудың мін­деттерін нақтылы жүзеге асыру үшін оны жан-жақты талқылауды және пәрменді шаралар әзірлеуді ұсынамын», – деді Р.Алшанов және кеңеске қатысушыларды белсенділік танытуға шақырды. Алматы қа­лалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов алғашқылардың бірі болып сөз алды. «Отандық ғылымның өкілі ретінде мен ғылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтергім келеді. Жолдауда жас ғалымдардың рөліне үлкен көңіл бөлінген. «Жас ғалым» жобасы аясында әлемдегі жетекші ғылыми орталықтарда ғалымдар үшін жыл сайын 500 тағылымдама және жас ғалымдарға 1 000 грант бөлу жөніндегі тапсырма қолдау көрсетудегі нақты қадам болып саналады. Мем­лекет басшысы көтерген ең өзекті мә­селе – процестерден біртіндеп нәтижелерге көшу, ол мұны өзінің Жолдауында атап өтті», – деді Философия, саясаттану және дін­тану институтының директоры Ахан Бижанов.

Алматыда зиялы қауым өкілдері Президент Жолдауын талқылады

«Қазақстанның Еңбек Ері», Алматы қа­ласының құрметті азаматы Аягүл Миразова білім сапасы және оның қолжетімділігі туралы тақырыпты одан әрі жалғастырды. «Қа­зіргі кезде Алматыда балаларға барлық жағ­дай жасалған. Президент өз Жолдауында дәстүрлі білім беруге оралудың барынша ұтымды жолдарын қарастыруды тапсырды. Меніңше, бұл – өте дұрыс шешім, әсіресе, сә­билі болғысы келетін отбасыларға оң ықпал етеді», – деді А.Миразова.

Ол Пре­зи­дент­тің «Аңсаған сәби» бағдарламасын дер ке­зінде іске асыруға тапсырма бергенін атап өтті. Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ауыл» ХДПП мүшесі Махамбет Хасенов өз кезегінде ауылды дамыту және ауыл тұр­ғындарының өмірін жақсарту жөніндегі бас­тамаларды жоғары бағалады. «Ауылға ерек­ше көңіл бөлінетіні қуантады. Жолдау­да нақты бағыттар айқындалған. Президент ауыл тұрғындарының өмірін жақ­сар­туға үлкен басымдық беруде. Алдымызға қойылған міндеттерді іске асыру үшін біз бә­рін жасауға тиіспіз», – деді Махамбет Ха­сенов.

Кеңес төрағасы Р.Алшанов бүгінде Қа­зақстан халқының саны 19 миллион адам екенін атап өтті. Алайда жағдайдың жақ­сарғанына қарамастан, демографияны арт­тыру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда Пре­зиденттің «Аңсаған сәби» арнайы бағ­дарламасын іске қосып, ЭКО бағдар­ла­ма­лары­на квоталар санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге дейін көтеру туралы бастамалары ерек­ше өзекті.

«Жолдау әлеуметтік бағы­ты­мен ерекшеленеді. Ерлі-зайыптылардың 15%-ында сәбилі болу проблемасы бар. Біз өткен жылы тиісті ұсыныстар жібердік. Ұсы­ныстың артығымен орындалғанына өте қуаныштымыз – 7 000 ЭКО бөлінді. Тағы бір маңызды мәселе – дәрігердің мәртебесі. Жалақы 2,5 есеге өсті. Мәртебе – бұл ма­териалдық қолдау ғана емес, біз өзіміздің отандық кадрларымызды қолдауымыз керек», – деді PERSONA клиникалық репродук­тивті халықаралық орталықтың басшысы Вячеслав Локшин.

Сонымен қатар пульмонологтарды, эпидемиологтарды дер кезінде даярлау қажеттігін атап өтті. Қазақстан хал­­қы Ассамблеясына қоғамның тұрақт­ы­лы­ғы мен дамуын сақтау бойынша ерекше рөл жүктелген.

Алматыдағы Қазақстан хал­қы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров цифрландыру тақырыбына тоқталды. Ол өз сөзінде цифрландырудың тек тенденция емес, ұлттық бәсекелестікке қол жеткізудің басты құралы болатынын айтты. Сондықтан осы­ған байланысты формализмді қысқартып, жұмыстың ашық форматына көшу қажет. Жыл сайынғы Жолдауларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына ерекше маңыз беріледі.

«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Александр Братенков өзінің сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдар­ламасынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесін кө­тергенін атап өтті. Бұл – өте маңызды, өйт­кені сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу – алға жылжудың тетігі. «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай талантты және дарынды тұл­ғаларды, әсіресе жастарды, олардың озық идеяларын қолдау қажетін айтты. Ол үшін балаларды жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тарту және пайдалы дағдыларға үйрету маңызды. Азаматтық қоғам бүкіл елді нығайту мен дамытуда басты рөл ат­қарады.

Алматы қаласы Азаматтық альян­сы­ның төрағасы Константин Авершин спортты дамыту мәселесіне кеңінен тоқ­талды. Ол өзінің сөзінде Жолдауда бұған дейін қоғам көтерген мәселелердің көрініс тапқаны айтты. Еске салсақ, Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне мейлінше назар аударуды тапсырған еді. Мұнда бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу міндеттелді.

ЖОО Бірлестігінің басқарма мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Тахир Балықбаев өз баяндамасын оқушылар мен студенттерді оқытуға арналған өзекті тақырып – цифлы платформалар мәселе­сіне арнады.

«Президент Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы туралы айтты. Үй жағ­дайындағы және бейресми оқытудың мәні зор. Бұл ретте білім беру курстарын ұсыну ерекше мәнге ие болуда», – деді Т.Балықбаев.

Жолдауда азаматтардың сауаттылығын, олардың цифрлық білімін арттыру мақ­сатында Үкіметке үздіксіз білім беру Тұжырым­дамасын дайындау тапсырылды. Тұжырымдамада бейресми білім берудің альтернативті нұсқаларын белсенді түрде енгізу, өз бетінше білім алу нәтижелерін, кәсіби дағдылану сертификацияларын мақұлдау керектігі атап өтілуі қажет. Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ақ-жол» ҚДП мүшесі Федор Константинов ау­қымды экономикалық мәселелерді алға жылжыту керек екенін айтып өтті.

Пандемия кезінде кәсіпкерлік секторды, сондай-ақ өндірістік саланы қолдау жөніндегі қа­дамдарға бару өте маңызды. Бизнесті қол­дау мәселелерін өз сөзінде Алматы қала­сы­ның Кәсіпкерлік палатасының директоры Нариман Әбілшайықов та қозғай кетті.

«Мем­лекет басшысы экономиканың зардап шек­кен салаларындағы барлық жұмыс істеп тұр­ған шағын және орта бизнестің кәсіп­орындарына жылдық пайыздық мөл­шер­лемесі 6 пайыздық мемлекеттік субсидияны қам­тамасыз етуді тапсырды. Бұл категорияға сауда, транспорт, туризм, қоғамдық та­мақ­тану, кинотеатр, қонақ үй салалары енді. Азық-түлік өнімдерін сату және дәріханалар оған кірмейді. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған осы жылдың 16 наурызынан бастап, 12 айлық кезеңді қамтиды, – деп айтты Н.Әбілшайықов.

ҰКП өкілі сонымен қатар мегаполис аумағындағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолданыстағы амалдар жайында да кеңінен айтып берді. Сонымен, Алматыда Almaty Business-2025 аймақтық бағдарламасы жұмыс істеуде, ол бойынша көпбалалы, тұрмысы нашар отбасылар және өнеркәсіптік парк резиденттеріне арналған 2%-дық, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған 7%-дық кепілді несиеге қол жеткізуге болады. Несие 20-дан 300 млн теңгеге дейінгі сома.

«Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі» Қоғамдық Кеңес төра­ғасы, журналист Сергей Пономарев эко­логия мәселесіне тоқталды. Жаңа Эко­логиялық кодекс жобасының әзірленгенін еске салып өтейік. Президент Жолдауында экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі нақты шараларды іске асыру, сондай-ақ әр алуан биологиялық түрлерді сақтау және орынды пайдаланудың ұзақмерзімді жоспарын бекіту тапсырылды. Бес жыл ішінде орман қорында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш егу жүзеге аспақ.

«Өте мазмұнды және негіздемелі Жолдау. 2 миллиард ағашты егіп қана қоймай, оның күтімі мен суғарылуын да қамтамасыз ету ке­рек. Бұл ретте біздерге, яғни қоғам мүше­ле­ріне де өз жұмысымыз бен бақылауымыз­ды нықтай түсу қажет», – деп айтты С.Пономарев.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов өз кезегінде қазақ әдебиеті сала­сындағы білім беру бағдарламаларын күшейте түсу жөнінде баяндап өтті.

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров өз сөзін Президент белгілеген мәселелерді жүзеге асыруға арнады. «Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты міндеттерді атап қана қоймай, оларды шешу жолдарын да белгілеп кетті. Осылайша, Президент Жолдауда Қазақстандағы өте маңызды мәселе – тұрғын үй жайын да көтерді. Осындай қадамдардың бірі – Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкін Отбасы Банкіне айналдыру. Енді бұл банк тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматқа «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін болады. Бұл өзгерістер Бірыңғай базада кезекте тұрған жұмыс істейтін азаматтардың төмен мөл­шерлемелі несиемен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы қадам­дарды іске асыру естуші мемлекет талабына сай келеді. Мен барлық қазақстандықты осы бір стратегиялық құжаттың негізгі тарау­ларын іске асыруға қосылуға шақыра­мын», – деп атап өтті С.Канкуров.

Алматыда зиялы қауым өкілдері Президент Жолдауын талқылады

«Алматы қаласының Кәсіподақтық орталығы» аймақтық кәсіподақтары азаматтарды әлеуметтік қолдауды институционалдау туралы жаңалықты ерекше қы­зығу­шылықпен қабылдады», – деді З.Өмірбаева. Ол кәсіподақтардың заңнаманы жаңартуда барлық бағыт бойынша, әсіресе «Медиация» туралы заң аясында белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, Жол­дауда Мемлекет басшысы мемлекеттің қа­тысуынсыз келіссөз жасаудың, мәселені шешудің баламалы жолдарын дамытуды тапсырды. Мұндай институттар өздерін дамыған елдерде жақсы көрсетті. Айсұлу Ерниязова бастаған «Волонтерлар лигасы» ҚҚ төрайымы бастаған Алматы еріктілері Қазақстандағы жоғары білім сапасын арттыру және стандарттау бойынша жұмыс топтарына қосылу бастамасын айтты. «Елге білікті мамандар керек, өз дағдыларымызды ұштау керек. Волонтерлік – бұл өз мақ­са­тына жетуге және халықтың игілігі үшін идея­ларды жүзеге асыруға мүмкіндік бере­тін «әлеуметтік лифт» құралы», – деді Айсұлу Ерниязова. Сонымен қатар ол ал­ма­тылық жастарды Жолдауда көрсетілген міндеттерді белсенді жүзеге асыруға қо­сылуға шақырды.

 

Әділ БАЙБОЛ

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...
Apple

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға...
Қалқаман Сарин

Қалқаман Сарин: шетелдегі қандастарға ана тілді үйрету арқылы көмектесе аламыз (видео)

https://www.youtube.com/watch?v=kpBIsawEmfU&feature=youtu.be&ab_channel=TurkistanInternationalPoliticalWeekly Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...