Техногендік апатты болдырмау – мемлекет үшін басты мақсат

Сондай-ақ!

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Қыркүйек айының басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырған болатын. Оның себебін: «Ішкі істер министрлігінің құрылымын қайта қарап шығу қажет. Оған жатпайтын функциялардан босатқан жөн. Соның арқасында маңызды ведомствоның жұмыс тиімділігін көтеруге болады.

Біздің табиғи және техногендік апаттар дәуіріне аяқ басқа­ны­мыз­ды ескере отырып, төтенше жағ­дай­лар министрлігін қайта құру қа­жет деп санаймын», – деп түсіндірді Мем­лекет басшысы.

Қазақстан Президенті бұл мә­селені дер кезінде шешуді көз­­деп отыр. Өйткені соңғы кезде жиі­леп кеткен техногендік апаттар тұ­­сында (мәселен, Арыс қаласындағы әс­кери қойманың жарылуы, Өз­бек­стандағы Сардоба су қоймасының бұ­зылуы нәтижесінде Түркістан об­лы­сының ауылдарын су басуы т.б.) Пре­зидентке тікелей бағынатын тө­­тенше жағдай министрлігінің қа­жеттігі байқалды. Дегенмен 2014 жыл­дан бері Ішкі істер құрамындағы тө­тенше жағдайлар комитеті елі­мізде жүз берген табиғи және тех­но­гендік апаттардың алдын алуда, сон­­дай тосыннан жүз берген қиын­дық­тарға қарсы тұруда өздерін та­ны­тып, жемісті еңбек етіп келеді.

Өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жа­рылыс), күштi әсер ететiн улы, ра­диоактивтi және биологиялық жа­ғынан қауiптi заттарды тарататын апат, үйлер мен ғимараттардың ке­нет­тен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiр­шiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйе­лерiндегi, тазарту құры­лыс­та­рын­дағы жарылыс туғызған жағдай­лар – техногендiк сипаттағы төтен­ше жағдайлар ретінде танылатыны мә­лім. Міне, осындай қауіпті жағдай­лар­дың қай-қайсысының да алдын алу, егер аяқ астынан апат жүз беріп, төн­діре бастаса адамдарды құтқаруға бір­інші болып жететін төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмысы, шын мәнінде, аса қабілеттілік пен ба­тыл­дықты қажет етеді.

Шын мәнінде, төтенше жағ­дай қызметкерлерін ішкі жағ­дайлардағы құтқарушы армия деп атауға болады. Тек олар өзге ел­дің әскерімен атысып, шабыспай­ды, бі­рақ табиғат тосын мінез таныт­қан­да, аяқастынан болатын тех­но­гендік апат­тар жағдайында табиғаттың дү­лей күшімен алысып, адамдарды құт­қарып қалу үшін апаттармен алы­сады.

Қазақ апаттардан сақ­тан­дыр­ған­да, «От бәлеңнен сақта, су бә­­леңнен сақта, жала бәлеңнен сақ­та» дейді ғой. Осының алдыңғы екеуі – табиғи апат. Демек, біздің халық та­биғи апаттардың қайдан келетінін ер­теден-ақ білген болса, қазақтың бү­г­інгі ұрпақтары да от пен су ту­дыра­тын апаттармен алысудай-ақ алы­сып келеді.

ІМ ТЖ комитеті азаматтарды әр кез халықты дала және орман ал­қаптарында болған кезде қауіп­сіздік ережелерін сақтауға ша­қыру­дан жалыққан емес. Өрттің табиғи түр­де туындауына халықтың отты абай­сыз пайдалануы, сөндірілмеген те­мекі, ұшқынның ұшуы, жанып тұр­ған сіріңкені өшірмей тастай салу, майлы немесе тозығы жеткен шү­берек­терді оттан алыс ұстамау, кө­лік құралының сөндіргішінен ұшқын, най­зағайдың ойнауы себеп болып жа­татыны белгілі. Бірақ осы бір қара­пайым, әр адам есте сақтауға тиіс ере­женің орындалмауының кесі­рі­нен аяқастынан шыққан өрт талай жер­ді жайпап, адамдар мен мүлікке зор шығын келтіріп жатады.

Егер дер кезінде алдын алмаса не­месе пайда болған кезінде оны тез арада тоқтатпаса, жаздың күні далалық жерлерде болатын өрт­тердің келтірер зардабы орасан бо­ла­ды. Мәселен, соңғы 4-5 күннің өзін ал­сақ, еліміздің бірнеше жерінде да­­­лалық жерлерде болған өрттерді сөн­діру жұмыстарының өзі төтенше жағ­дай комитеті қызметкерлерін уа­­қытпен санаспай тер төгуге мәж­бүр­леді.

Осы жылдың 3 қыркүйегінде са­ғат күндізгі 12.00 шама­сын­­­да Шығыс Қазақстан облысы Зай­сан ауданы Біржан ауылынан 25 ша­қырым жерде 20 гектар жерде құрғақ шөп жанды. Өрт темекі шегу­дің салдарынан болған, яғни өші­ріл­меген темекі шоғының кесірінен құр­ғақ шөп тұтатып, тез жайылып кет­кен. Өртті сөндіруге облыстық тө­тенше жағдайлар департаментінен 6 адам мен 1 техника, жергілікті ат­қару органдарынан 20 қызметкері мен 2 техника, Орман шаруа­шы­лы­ғынан 15 қызметкер мен 3 техника жұ­мылдырылып, қабылданған ша­ра­лардың нәтижесінде өрт түнгі сағат 22:56-да толық өшірілді. Өрттен зар­дап шеккендер жоқ.

Дәл сол күні Павлодар облысы Шарбақты ауданында «Ертіс ор­маны» мемлекеттік орман табиғи ре­зерваты ММ аумағында 15,4 га ал­қапта қарағайлар өртенді. Қаза бол­ған­дар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт­ті сөндіруге Төтенше жағдай де­пар­таменті, «Ертіс орманы» МОТР ММ және жергілікті атқару ор­ган­дары­ның күштері жұмылдырылып, 52 адам және 17 техниканың көме­гі­мен өрт өшірілді.

Қыркүйектің бесінде Атырау қа­ласынан 30-40 шақырым қа­шықтықта Каспий теңізінің жа­ға­лауында қамыстар жанып, ол ау­мақ­тағы батпақты қамыстың биік болуы өрт­ті жермен барып сөндіруге мүм­кіндік бермеді. Сондықтан оны тек­серу үшін төтенше жағдайлар ко­ми­теті «Қазавиақұтқару» АҚ-ның ті­к­ұша­ғымен өрт шыққан жерге әуеден бар­лау жүргізіп, өрт ошақтарын анық­тады. Дегенмен 110 гектар жерді алып жатқан өртті сөндіру оңай бол­мады. Сол күні Шымкент қаласынан бар­ған «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тон­­­­надан 10 рет су шашты. Сөйтіп, өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қа­завиақұтқару» АҚ, Орман шаруа­шы­лығынан, жергілікті атқарушы ор­гандардан 82 адам, 23 техника жә­не 2 тікұшақ жұмылдырылып, 6 қыр­күйекте сағат 17.21-де Атырау об­лысында қамыс пен құрғақ шөптің жануы жойылды.

Міне, бұл жаз бойы болып жат­қан жүздеген өрттің екі-үш күн ішінде болғаны және оның тө­­тенше жағдайлар қызметкерлері жә­­не оған көмектескен жергілікті күш­­тердің қолымен қалай тоқ­та­тыл­ғаны туралы ақпараттар.

Мәселен, жылына, 365 күн бойы тынбай, 7/24 сағат бойы дамылсыз жұмыс істейтін құт­қару­шылардың «112» шұғыл қызмет те­лефонына өткен жылдың алғашқы жартысында елімізден 3,5 млн рет қоңырау шалынуы бұл салада жұмыс іс­теудің қандай қиын және тыным­сыз екенінен хабар берсе керек.

Өзге елдер сияқты бізде де бо­лып тұратын техногендік апат­тың ең көбі өртке тиесілі. Аяқас­ты­нан пайда болатын бұл алапат апат­тың салдары қашанда ауыр бо­лады. Соңғы алты жылда елімізде бол­ған ең көлемді техногендік си­паттағы апаттарды сараласақ, оның елімізге қанша шығын әкелгенін білу­ге болады.

2014 жыл. Орал қаласының ор­талығындағы «Комплекс Ка­менный» сауда кешені әп-сәтте өрт құ­шағында қалды. Дабыл көтеріліп, оқи­ға орнына тез жеткен өрт сөн­дірушілер ғимараттан адамдарды алып шығып, жол-патрульдік поли­ция­сы өрт болған жерге жақын ау­мақ­тағы көлік құралдары қозға­лы­сын шектеді. Тілсіз жаумен қаладағы 4 өрт сөндіру бөлімшесінің 65 қыз­мет­кері аянбай арпалысса да, кешен ша­тырын түгел шарпыған қызыл жа­лынды тоқтата алмады. Шашқан су­ды сол бойда мұз қып қатырып тас­тап тұрған сол күнгі қатты аяз бен күш­ті желмен алыса жүріп, төтенше жағ­дай қызметкерлері өртті қараңғы түс­кенде столық сөндіре алды. Өрт 1 050 шаршы метр аумақты алып, шы­ғын көлемі 100 мың долларға жетті. Адам шығыны жоқ.

2015 жыл. Алматы қаласындағы «Адем» сауда орталығынан шық­қан өрт 25 мың шаршы метрге дейін барды. Хабар тигеннен кейін 6 ми­нутта өрт болған жерге Алматы қа­лалық Төтенше жағдайлар депар­та­ментінің қызметкерлері келіп жет­кен. Бұл кезде ғимараттың ішін­дегі температура 270 градусқа жеткен жә­не ол жерлерде синтетикалық тауар­лар жанып жатқандықтан улы газ шыққан, сондай-ақ ғимаратта сақ­талған газ баллондарының жа­рылуы, өрт шалған аумақтағы желдің жыл­дамдығы секундына 2,7 метрге же­тіп, жалынды күшейткен. Түнгі 22.00-ден өткенде басталған өрт таң­ғы 06.35-те толық өшірілді. Оны сөн­діруге Алматы қалалық Төтенше жағ­дайлар департаменті жеке құра­мы­ның 156 адамы, 25 өрт сөндіру жә­не 16 арнайы техника қатысқан. Өрт­тен келген шығын көлемі 40,6 млн доллар болған.

2016 жыл. 23 қыркүйек күні таң­ғы сағат 08.44-те Павлодар об­лысы Ақтоғай аудан орталығына ор­наласқан «Ақтоғай-Агро» ЖШС ау­­­мағында өрт шыққан. Үш минуттан соң өрт сөндірушілер жеткенде қы­зыл жалын аумағы 6 мың шаршы метр­ден асатын көкөніс қоймасын алып кеткен болып шықты. Дегенмен тіл­сіз жаудың екпіні бір сағат ішінде ба­сылды. Өртті сөндіруге Павлодар об­лыстық Төтенше жағдай депар­та­ментінің 16 қызметкері және 2 өрт сөн­діру техникасы тартылып, оларға 20 жергілікті тұрғын мен аг­ро­­­­­фирманың 50 қызметкері көмектесті. Оқи­ға орнынан агрофирма қыз­мет­керінің мәйіті табылған. Агро­фир­маға 227,7 млн доллар шығын келген.

2017 жыл. Маусым айының соң­ғы онкүндігінде Шымкент қа­ласында сыйымдылығы 3 000 тек­ше метр болатын бензин құйылған ре­зервуар жарылды. Өрт сөндіру жұ­мыстарына Төтенше жағдай қыз­меткерлерінен 120 адам және 28 тех­ника, нысандағы өрт сөндіру бө­лімшесінің 16 адамы мен алты су та­сушы көлігі жұмылдырылған. Өрт шық­қан аумақта бір адамның қаза бол­ғаны анықталды. Өрт 159,5 мың дол­лар шығын әкелген.

2018 жыл. Маусым айында, таң­ғы сағат 6-да Алматы қаласы Түр­ксіб ауданына қарасты «Қайрат» ша­ғынауданындағы SVORD Indust­ries компаниясына қарасты қоймалардан өрт шықты. Өрт сөндірушілер кел­ген­де жеті ангар жанып жатқан. Қы­зыл жалынды сөндіруге қаланың 75 өрт сөндірушісі мен 21 өрт сөн­дір­гіш техника жұмылдырылған. Сон­дай-ақ арнаулы тікұшақ 44 рет рейс жасап, жанып жатқан жерге 132 тонна су төккен. Өртенген аумақтың кө­лемі 17 мың шаршы метр. Тілсіз жау 8,9 млн доллар зиян әкелген.

2019 жыл. 24 маусым күні Түр­кістан облысындағы Арыс қа­ла­сында орналасқан әскери қой­ма­да таңғы сағат 9.20-да алапат жа­ры­лыс болды. Оның соңы өртке ұла­сып, соңынан қоймадағы өрт шық­­­қан жерден снарядтар жан-жақ­қа ұшқан. Арыстағы төтенше жағ­дайды тоқтатуға және оның сал­дарын жоюға Төтенше жағдай қыз­меткерлерінен басқа, Ішкі істер ми­нистр­лігі жеке құрамының 1 488 қыз­меткер жұмылдырылған. 408 сапер қаладан және өрт шыққан оқ-дәрі қоймасы орналасқан аумақтан 5 700-ден астам жарылмаған снаряд тауып залалсыздандырған. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар жө­нін­дегі департаментінің мәліметінше, Арыс қаласындағы үйлердің 85 пайы­­­зы бүлінген. Жарылыс салда­ры­нан келген шығын 52,6 млн долларға жет­кен. Арыс оқиғасы елімізде бұ­рын-соңды болған ең ірі техногендік апат деп танылған…

Қай жерде апат болса, сол жер­ге жұрттан бұрын жететін Тө­тен­ше жағдай қызметкерлері на­ғыз бейбіт күннің батырлары деуге болады. Себебі аптаның қай күні, тәуліктің қай сәті болса да, өрт бол­ған жерде өртті сөндіріп, адамдарды құт­қаруға, су тасқыны болса – адам­дар­ды қауіпті аймақтан тез алып шығуға бар күшін салып, жанталаса әре­кет ететін құтқарушылар ең ал­дымен өзін емес, өзгені ойлап көзсіз ба­тырлық істейтін жандар. Сон­дық­тан олардың қатарының көп болуы – еліміз қауіпсіздігі үшін аса маңызды нәрсе.

Сөзіміздің басында айт­қа­ны­мызға қайта оралсақ, Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай ми­нистр­­лігін қайта құруға тапсырма беруі ел азаматтарының қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге бағытталған ше­шім екені даусыз.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
ер адам тіріліп кеткен

Туыстары өлді деп мәйітханаға апарып тастаған ер адам тіріліп кеткен

Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Питер...
ауыр атлет

20 жастағы қазақстандық Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Қарағанды облысының тумасы, 20 жастағы ауыр атлет Артем Антропов жұлқа көтеру бойынша...
Бермуд үштағаны

100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалып кеткен кеме табылды

Зерттеушілер мен теңіз археологтарының тобы 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жұмбақ күйде...
Кәсіпкер

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара...

Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...