342
Хасан Октай: Праймериз – жаңашылдыққа ұмтылу қадамы
Хасан Октай: Праймериз – жаңашылдыққа ұмтылу қадамы
Халықаралық Vision университетінің проректоры, «Кавказ» Стратегиялық Зерттеулер Орталығының президенті, Халықаралық қатынастар ғылымының докторы, профессор (Түркия)
– Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялаған күні бірінші болып таныған елдердің бірі – Түркия. Бұл қатынастарға Түркия үлкен мән береді. Сол сияқты Қазақстан да Түркиямен қарым-қатынасқа үлкен мән береді. Түркі әлемінде маңызды орны бар Түркістан да Қазақстан аумағында болғаны үшін ол елдің біз үшін қаншалықты құнды екенін айтып жеткізе алмаймын. Сол үшін біз әрқашан қолдау көрсетуге әзірміз. Пандемия кезеңі де өзара сенім мен ынтымақтастық арттыруға себеп болды. Екі бауырлас елдің ынтымақтастығы әлемге үлгі болатын деңгейге жетті.
Тіпті алдағы өтетін сайлау да ескі жүйеден жаңасына көшіп, бұрынғы басқару жүйесіндегі кемшіліктер мен қателіктерді қайталамауға жол ашты. Қазақстан саясат, экономика, білім, ғылымда алда болғаны секілді сайлау өткізу жағынан да жоғары деңгейде болатынына сенімдімін.
Әлемде әбден мойындалып, жемісін берген іріктеу жүйесі Қазақстанда тұңғыш рет өткелі жатыр. Бұл – үлкен тәжірибе. Праймериз өткізу – жаңашылдыққа, жасампаздыққа ұмтылу қадамы. Бұл науқан барынша әділ өтіп, Қазақстанның саяси өміріне ерекше серпін береді деген ойдамын.
Қазақстанның әлемдік саясатта өзіндік орнының қалыптасуына Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаевтың сіңірген еңбегі мол. Ал былтырғы сайлауда халықтың үлкен сеніміне ие болған президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті басқаруға тез бейімделді. Президент Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы Қазақстанның болашақта қауіпсіз әрі гүлденген ел болатынына сенімділік ұялатты. Ауыл шаруашылығынан бастап экономика, технология, өнеркәсіп пен денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформаларды жүзеге асыру үшін маңызды шешімдер қабылданды деп айтуымыз керек. Осы қабылданған шешімдердің нәтижесінде пандемия кезінде тоқыраған экономиканың тамырына қайта қан жүгірері анық. Бүкіл ел бойынша аймақтар арасындағы экономикалық және құрылымдық теңсіздікті қайта құру идеясы ұлттық даму жұмыстарының бастауы болып табылады. Өндіріске бағытталған мақсаттардың орындалуы сыртқы тәуелділікті азайтады. Президент Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұл шешімдерді жүзеге асыру жақын арада Қазақстан тарапынан оң нәтижелерге әкеледі.