Қашықтан оқытуға 70 млн доллар бөлінгені рас па – министрдің жауабы

Республика бюджетінен қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін қаржы бөлінді ме? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл сауалға Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.

«Кеше қашықтан оқытуға қаржы бөлуге қатысты көтерілген мәселелерге орай бірнеше сөз айтқым келеді. Бүгінде БАҚ-та көптеген түрлі ақпараттар тарап жатыр. Біреулер қашықтан оқытуға 70 млн доллар бөлінді дегенді айтып жүр. Бұл ақпарат шындыққа сай емес. Өйткені, қашықтан оқыту осы жылдың сәуір айында ғана енгізіле бастады. 4-тоқсанда қашықтан оқытуды жүзеге асыру жайында айтар болсақ, оған қаражат бөлінген жоқ. Себебі, сол уақытта, 4-тоқсанда біздің интернет-платформалар барлық ресурстарын ашып қойды. Төтенше жағдай режимі кезеңі болғандықтан бұл толықтай тегін жасалды. Біз әріптестерімізге өтініш жасадық, олар қолдау көрсетті. Бұған қоса, 4-тоқсанда телевизиялық сабақтар да тегін түсіріліп, көрсетілді», – деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын минист қашықтан оқыту үшін мұқтаж оқушыларға қосымша 300 мың компьютер сатып алынатынын мәлімдеген болатын.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, бүгінгі күнге дейін 435 мың компьютер уақытша қолданысқа берілген.

 

Back to top button