«Jas Otan» ел жастарын қанаттандыратын 216 жоба ұсынды

Сондай-ақ!

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын елден заңсыз түрде әкетпек болған ер адам ұсталды. Бұл туралы «Хабар 24»...

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланады.  Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2019 жылы жаңажылдық безендіру...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында Маңғыстау облысында орналасқан Бозжыра шатқалының суреті жүктелген. 4 миллионға жуық жазылушы тіркелген парақшада...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің...

«Jas Otan» Жол картасының 216 жобасын жариялады. Онда әрбір өңір, қала және аудан бойынша жастардың негізгі проблемаларын шешуге қатысты нақты шаралар көрсетілген. Қазақстандық жастар аталған құжатпен танысып қана қоймай, сонымен қатар, jasotan.kz және primaries.kz сайттар арқылы өз ұсыныстарын жолдай алады деп хабарлайды «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясының жас жақтастары қазақстандық жастарды қолдауға арналған «Жастар-Отанға!» 5 жылдық бағдарламасын әзірлеген. Ол үздік әлемдік тәжірибелерді және бүкіл ел бойынша жастардың 3 мыңнан астам ұсынысын ескере отырып дайындалған.

Бағдарламада жұмыстың негізгі бағыттары, оның ішінде қолжетімді баспана мен жас отбасыларды қолдау, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері көрсетілсе, ал Жол картасы – бұл нақты күндері мен мақсатты индикаторлары көрсетілген өзіндік шеберлік жоспары.

Мәселен, елордада тұрғын үй мәселесін шешумен қатар, дарынды жастарға грант бөлу, спорт нысандарына жеңілдікпен қолжетімділікті кеңейту, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және интернаттан шыққан жастарға қолдау көрсету және т.б. көзделген.

Жамбыл облысында 2021 жылдан бастап жас отбасыларға арналған мемлекеттің қатысуымен салынатын тұрғын үй сатып алу үшін «Әулиеата жастары» несиелеу бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Жастарды жұмыспен қамту мәселесімен Алматы облысындағы жасотандықтар белсенді айналысуға ниетті. Өңірлік бағдарлама жыл сайын 10 мыңға жуық жасты жұмыспен қамтуға уәде береді.

Қостанай облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінді. 2025 жылға дейін бағдарламаны іске асыру аясында жасанды жабыны бар 30 шағын футбол алаңы, 10 стритбол алаңы, стрит-воркаут алаңдары, облыстың қалалары мен аудандарында 29 хоккей корты салынбақ.
«Жастар-Отанға!» бағдарламасының Жол картасында жастар кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аударылды.

Айталық, Маңғыстау облысында жыл сайын 500 жас «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша өз ісін жүргізуді тегін оқи алады. Сондай-ақ, өңірдің жас кәсіпкерлері үшін несиелер бойынша мөлшерлемелерді төмендету және мемлекеттік субсидияларға қолжетімділікті кеңейту жоспарлануда.
Білім беру және тұлғалық өсу саласы өңірлік бағдарламаларда да ескерілген.

«Jas Otan» ел жастарын қанаттандыратын 216 жоба ұсынды

Тараз қаласында жастар саясаты мектебінің базасында жыл сайын 70 адам тағылымдамадан өтеді. 2023 жылы «SMART» оқу орталығын ашу көзделіп отыр.

2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» Бағдарламасын жыл соңына дейін бекіту жоспарланған. Оған дейін жоба жастар арасында, оның ішінде «Nur Otan» партияішілік праймериздеріндегі пікірсайыстар аясында талқыланбақ.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына...

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын...

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...