Елордада жыл сайын 10 мың отбасы қоныстой тойлайды
Бағдарлама аясында партиялықтар Нұр-Сұлтан тұрғындарының өмір сапасын жақсартудың бірнеше бағытын көрсеткен. Мәселен, елордадағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2021 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 10 мың пәтер тапсыру жоспарланған. Салыстыру үшін айтар болсақ, биыл бас қалада 8 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы 2023 жылға дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандар мәселесін толық шешуге уәде беріп отыр.
Жамбылда 84 мың жаңа жұмыс орны құрылады
Сайлауалды бағдарламада Жезқазған қаласындағы жұмысқа орналасу мәселелері жеке бағыт ретінде қарастырылып, шешу жолдары ұсынылған. Қалада тұрақты жұмыс орындарын ашу үшін өңдеуші өнеркәсіп саласында бірден бірнеше жаңа кәсіпорын салу көзделген. Партия ұсынған жобалар нәтижесінде Жамбыл облысында да жаңа жұмыс орындары көбеймек. Нақтырақ айтсақ, алдағы 5 жылда аймақта 84 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. Облыста ИИДМБ бойынша 19 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы өңдеу өнеркәсібін дамыту көзделген. Сондай-ақ партия «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының инженерлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен аяқтап, 8 өндірісті іске асыруға бастамашыл болмақ. Бұдан бөлек, 2025 жылы аймақтағы сары фосфор өндірісінің көлемін 110 мың тоннаға дейін, минералды тыңайтқыштарды 220 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Портландцемент экспортын 1,3 мың тоннаға дейін, натрий цианиді тасымалын 6 мың тоннаға дейін өсіру арқылы өңірдің шикізаттық емес экспортын 1,2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Облыстағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін «Nur Otan» партиясы жыл сайын кем дегенде 16 мың тұрақты жұмыс орынын құруға, бос тұрған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына кем дегенде 765 адам тартуға ниетті. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін Ақтөбе облысында да өңдеу өнеркәсібінің қуатын арттыру көзделген. Бұл мақсатта партия 2025 жылға дейін кемінде 34 ірі инвестициялық жобаны іске асырмақ. Атап айтсақ, 2022 жылы Ақтөбе қаласында 250 жұмыс орнын құратын, қуаты 200 мың тонна болатын электр балқыту зауыты, 2023 жылы Мұғалжар ауданында 700 жұмыс орнын құратын тау-кен металлургия комбинаты, 2024 жылы Мәртөк ауданының Шоқаш, Новомихайлов және Ащысай кен орындарының аумақтарында 300 жұмыс орнын құратын тау-кен-химия кешені бой салынады.
Қостанайлықтар cапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылады
2025 жылға дейін партия Қостанай облысы халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешіп бермек. Ол үшін 300-ден аса адам тұратын ауылдарда орталықтандырылған су құбыры тартылады, 200-ден 300-ге дейін немесе одан да көбірек тұрғын болса, олардың келісімімен су тазарту және тарату нүктесі салынады. 200 адамға дейін халық тұратын ауыз суы сапалы құдықтары мен ұңғылары жоқ шағынауылдарда сумен қамтамасыз етілген шаққа дейін қажеттеріне қарай ауызсуды тасып беру ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында қолға алынатын жобалар нәтижесінде 5 жылда 93 ауылда сумен қамтамасыз ету нысандар салынады, 11 ауылда сумен қамтамасыз ету желісін қайта жабдықталады. Қызылорда облысына қатысты жобалар арасынан туризмді дамыту шаралары ерекше назар аудартты. Аймақтың туристік тартымдылығын арттыру үшін «Nur Otan» партиясы Арал ауданының Қамыстыбас және Шиелі ауданының Қанқожа көлдерінің жағалауында жағажай туризмін дамытуды (100 демалыс үйі салынады), Жаңақорған ауданындағы балшықпен емдеу орындары желісін кеңейтуді қолға алмақ. Сондай-ақ, жаңа туристік маршруттар әзірленіп, саланы жетік білетін 250 кадр даярланады. Өңір тұрғындарын қуантқан тағы бір жаңалық, келер жылы Қызылорда қаласындағы жаңа әуежай терминалының құрылысы басталады. Алдағы уақытта Ресей (Мәскеу), Түркия (Стамбул, Анталия), БАӘ (Дубай) және Қытайға (Үрімші) тікелей халықаралық рейстерді кеңейту көзделіп отыр. Ерлан САИРОВ, саясаттанушы: