Қытайдың сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді

Қытайдың сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді

Қытайдың сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді
ашық дереккөзі
380
Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады, сондай-ақ Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлады ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь. "Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Моңғолия сыртқы істер министрлерінің шақыруымен сыртқы істер министрі Ван И 10-16 қыркүйекте Ресейге аттанып, ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады, сонымен қатар осы төрт елге сапармен барады", - деп РИА Новости Чжао Лицзянның сөзінен үзінді келтірді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 9-10 қыркүйекте Мәскеуде өтеді. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесетіні белгілі болды. Кездесу барысында екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың басты тақырыптарын талқылау жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары