Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен өңірлер аталды

Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен өңірлер аталды

Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен өңірлер аталды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік бюджеттің 28 млрд теңгесі игерілмеген. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бөлінген қаржыны мақсатты жұмсай алмаған министрліктер мен өңірлерді атады.  Министрдің айтуынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде, Жоғарғы Сот, Қаржы және Білім және ғылым министрліктерінде ірі сомалар игерілмеген. «Қаражат игерілмеуінің негізгі себептері: конкурстық рәсімдер мен шарт жасасуды ұзаққа созу және уақытылы өткізбеу, орындалған жұмыс актілерін ұсынбау, карантиндік шектеулерге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың жеткіліксіздігі», - дейді Е. Жамаубаев. Жергілікті бюджеттерде де игерілмей қалған қаржы қомақты. Аймақтар 80 млрд теңгені игере алмаған. «Биыл өңірлерге 2,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қыркүйекке 1,4 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 97,9% игерілген, 29 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 7 млрд теңге үнемделді, 22 млрд теңге игерілмеді. Әсіресе Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Ақмола облыстарында қаражаттың игерілмеуі байқалады», - деді Қаржы министрі Үкімет отырысында. Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3% төмендегенін мәлімдеген. Министрдің айтуынша, жыл басынан бері елімізде тауарлар өндірісі 1,7% өскен. Алайда көрсетілетін қызметтер 6,1% қысқарған.