Samsung мөлдір экранды смартфон жасап шығарады

Samsung Electronics мөлдір дисплей жасау технологиясын патенттеді, деп хабарлайды LetsGoDigital.

Жаңа технология смартфондар, теледидарлар, мониторлар, ноутбуктер, бейнекамералар және басқа да тұрмыстық электрониканы толық мөлдір экранмен жабдықтауға мүмкіндік бермек.

АҚШ Сауда министрлігі жанындағы Патент және тауар таңбалары агенттігінде (United States Patent and Trademark Office, USPTO) және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында (World Intellectual Property Office, WIPO) тіркелген патент негізінен техникалық аспектілерге арналған. Құжатта мөлдірлікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін әр түрлі қабаттар мен құрамдас бөліктер сипатталған.

 

Back to top button