Жалған ақпарат таратушы 6 жылға сотталуы мүмкін

Жалған ақпарат таратушы 6 жылға сотталуы мүмкін

Жалған ақпарат таратушы 6 жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
515

29 жастағы Ақтөбе тұрғыны полицейлерге «Мега-Ақтөбе» ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат жеткізген. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді. Жалған ақпарат таратқан қала тұрғыны бір сағат ішінде полицейлердің қолына түсті. Енді ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы былай болған. Белгісіз адам 29 наурызға қараған түні полицейлерге хабарласып, «Мега-Ақтөбе» ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғандығын айтқан. Мұндай ақпарат алған ІІД-нің жедел тергеу тобы, төтенше жағдайлар департаментінің кезекші жасағы, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері оқиға орнына жетеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына жеткенше, орталықтың қауіпсіздік қызметі жиырмаға жуық адамды сыртқа шығарған. Ғимараттың ішін түгел тінтіп шыққан мамандар ешқандай да жарылғыш зат тапқан жоқ. Сол түні-ақ жалған ақпарат таратты деген күдікпен қолға түскен 29 жасар қала тұрғыны мұндай ақпаратты бұзақылық ниетпен хабарлағанын жасырмады. Қазір орталыққа және мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептелуде. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Серіктес жаңалықтары