626
Көзге зияны жоқ алғашқы дисплей жасалды
Көзге зияны жоқ алғашқы дисплей жасалды
Қытайлық әзірлеушілер жаңа буын экрандарының технологиясын таныстырды. Олардың айтуынша бұл алдыңғы дисплейлерге қарағанда тиімдірек және көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі, - деп хабарлайды Naked-science.
Жаңа экранды TCL компаниясы Берлиндегі IFA 2020 көрмесіне алып келді. Әзірлеушілерге адамның көру қабілетіне зиянын тигізбейтін экрандар дайындау маңызды болған. NXTPAPER (технология) қазірдің өзінде көзді қорғау технологиясы бойынша 11 патент алған және Рейндегі неміс зертханасынан, швейцариялық SGS зертханасынан және VDE қауымдастығынан тиісті сертификаттары бар.
"Біздің жобамыз қазір өте өзекті, себебі адамдардың көбі үйден жұмыс істеуге, экранның алдында көбірек отыруға мәжбүр. Сондықтан жер шарының кез-келген нүктесінен өнімді болуға көмектесетін, денсаулықты да сақтайтына құрылғылар жасау керек деп шештік", - деді TCL бас менеджері Джефферсон Ли.
Зерттеулер екі жыл бойы жүргізілді. Нәтижесінде компания NXTPAPER - электрон кітаптарда тұрған E-Ink экрандарға балама ұсынды.
Болашақта технология сұйық кристалды дисплейлерді де алмастыра алады. Оның заманауи модельдерге тән кемшіліктері жоқ: түстер палитрасы кеңірек, ал жаңарту жиілігі мен пиксель тығыздығы әлдеқайда жоғары. Соның арқасында панель бейнені Full HD сапасында көрсетеді және көк жарық шығармайды, ал көз ұзақ жұмыс кезінде шаршамайды.
Экран түстерді жақсы көрсету үшін табиғи жарықты пайдаланады және көру жүйесіне түсіретін жүкті азайтады. Әзірлеушілер бұл технологияның көзге зиян тигізбейтін алғашқы дисплей екенін мәлімдеді.